lat: MOLDA
[ар. ملا ] зат.1.діни. Құранды, діни ғибадатты жақсы білетін діни рәсімді атқарушы, мұсылмандардың діни қызметкері .
Досмайылдан бір хат алдық. Хатын оқып шыққаннан кейін көзімізге нанбадық, қажы, молда, ақсақал жазды дерлік емес (М.Дулатов, Шығ.). Молдалардың әдісін, Пайғамдардың хадісін, Әулиелік жәдісін, Алмадым ақыл тыйғанын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Сонда Бекет айтқан екен: “Батыр мен батыр маңайласқан жауда бас қосады, молда мен молда жайнамазда бас қосады, ит пен ит жерошақта бас қосады» (Ж.Аймауытов, Шығ.). Хат оқиды молдалар Қаламмен тартқан сиядан (Махамбет, Өлеңд.).
Намазға жығылғыш, діндар.
Балықтың он екінші Бүрге болар, Бақа мен балық тілі бірге болар. Қыздары кәзіргінің бәрі м о л д а Тозағы ол дүниенің кімге болар (Қара өлең).
2. ауыс. Діндарсымақ, молда атын жамылған, арамза молда.
Мен жүрдім бірнеше күн есім ауып,
Болмады бұрынғыдай ойын-сауық.
Жарылып жүрек қабы қалыпты деп,
Бірталай олжа тапты молда тәуіп (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Бүгінгі таспих тартқан молдалар да
Қалады оқи берсең орта жолда,
Көрейін қызығыңды көз тіріде,
Қондырып ұшырайын өзім қолға (О.Шипин, Дастан.).
Айт болса, молда барар байларына, ішуге тұщы пәміл шайларына.
Қыдырып баймен қатар аят оқып,
Бармайды кембағалдың жайларына (Ә.Найманбаев, Шығ.).
Ақылы жоқ молдалар Иман алмақ тиынға.
Оңайлықпен келмейді Иман деген қиын да (Дулат Бабатайұлы, Замана.).