МОЛЕКУЛА

lat: MOLEKÝLA

[лат. moles]зат.физ. Заттың химиялық қасиеттері сақталатын ең кішкентай бөлшегі.

Молекула ұғымы мен атом ұғымы сәйкес келеді (ҚҰЭ). Клеткалар құрамында химиялық молекулалар үнемі өзгеріп, жаңарып отырады (Е.Оразақов, Қайта соқ.). Молекула дегеніміз заттардың ең кішкене бөлшектері (Химия). Молекуланың бар екенін тәжірибе арқылы француз ғалымы Ж.Б.Перрен дәлелдеген (Гистология).