МОЛШЫЛЫҚ

lat: MOLSHYLYQ

зат.1. Байлық, дәулет .

Ойда егін, қырда мал, молшылыққа кіріпті.Тұрманжанов, Шығ.). Молшылықтың бір көзі, екінші тың малда тұр. Қыстан аман ап шығып,

Мал өсімі алда тұр.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Көгінен көктемі ерте қатады тіл, Жазын дән шайқап-тербеп жатады кіл. Жасағаннан өз қолымен молшылықты Кең ойлы кемеңгерлер Отаны бұл!.Айбергенов, Мен саған.). Сол Әуезов ең алдымен бітпейтұғын молшылық, Бақыттысың жетсең оған алдыңнан бір жол шығып. Қайтқан малын, өмір бойы бітпейтұғын қазынаң, Айтқандарын дана ағаның ақылыңмен көрші ұғып.Молдағалиев, Шақырады.).

2. Қисапсыз молдық, әбден жеткілікті болушылық.

Ауылшаруашылық өнімдерінің молшылығын жасаудың ролі аса зор.Жұмағұлов, Қой шаруаш.). Жайлаудағы ақ молшылығы маусымды игілік.Арыстанов, Сұңқар.).