lat: MONTAJ
[франц. montage] зат.1.тех. Мәшиненің, құрылыстық және т. б. жеке тетіктерін құрастырып, бөлшектерден бүтін бір нәрсе жасау жұмысы.
Бұл пункттерде ішкі электрлік монтаж жұмыстары жүргізіліп, заказ берушілердің материалдары пайдаланылсын («Соц. Қаз.»). Бұрын монтажды оператор жігіттер жасап, мен болсам екі қолымды қалтама салып, нұсқау айтып тұратынмын (К.Баялиев, Дегелек).
2.өнер.
Белгіленген тақырып не идеяға сәйкес әртүрлі нәрселері, қойылымдарды ұйымдастыру, біртұтас нәрсеге айналдыру жұмысы .
3. Осы ұйымдастырулар мен құрастырулардың нәтижесі .
Фильмнің бас кейіпкері жазушы болуына, оның бейнелі түрде ойлауға бейімдігіне байланысты романның күрделі құрылымы ретроспекциялы монтаж қырымен орынды сақталған (С.Абдрахманов, Елдік сыны).