МОНТАЖДАЛ

lat: MONTAJDAL

ет. Монтаж жасалыну, монтаж жүргізілу. Қорғасын заводын іске қосатын күн жақындап келеді.

Оның қазандары, басқа да жабдықтары монтаждалады (Өнегелі өмір). Қазір цехтың жабдықтары монтаждалып , байқаудан өткізілуде («Лен. жас»). Кейбір режиссерлік шешімдер көңіл аудартады. Әсіресе, эпизодтар шебер монтаждалған (С.Абдрахманов, Елдік сыны).