lat: MONTAJSHY
зат. Монтаж жасаушы, монтаждаушы адам, маман .
Жан қалтамда монтажшы деген куәлігім бар. Өзім тәрбиелеп, мынау деген құрылысшы, монтажшы шығарамын («Білім және еңбек»). Сені монтажшы етіп орналастыруға үй құрылысындағы бір жігіттермен келісіп те қойып едім (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). Сөйтіп бүкіл ел боп асыға күткен алыптың алғашқы пешін пайдалануға берген құрылысшыларды, монтажшыларды, ірі құрылысты іске қосушыларды шын жүректен құттықтау құрметі менің үлесіме тиді (Д.Қонаев, Өтті дәурен.).