МОРАЛИТЕ

lat: MORALITE

(латыннын, «өнегелі» деген сөзінен)– 14–16 ғасырда Батыс Еуропа елдеріне кең тараған әр түрлі ғақлиялық, діни және философиялық тақырыптарды қозғайтын дидактикалық шығарма. Моралитеде ізгі адам, аллегория сипатында абстракті ұғымдар (достық, өлім, байлық, жоқтық, жамандық т.б.), адамның жай-күйі (торығу, жек көру, өкіну т.б. сәттері) көрінеді, мұнда тарихи, библиялық, ертек сюжеттер тұрмыстық жағдаймен ұштасып жатады. Моралите жанры Францияда қалыптасып, кейін Англия, Испания, Голландияға тағы басқа елдерге таралды, 16 ғасырда бұл тақырыпқа ықылас төмендеді. Аллегорияның басты кейіпкерлері алғашқы гуманистер драмасында, сонымен қатар М. Сервантес, В. Шекспир шығармаларында кездеседі. Әдетте моралите өлең түрінде жазылып, сахнаға қойылуға арналатын. Осы жанрдың кейбі реулерінде феодалдық қатынастарды сынаған саяси сатираның әлементтері ұшырасады. Әбсеметов М.