МОТОР

lat: MOTOR

[лат. motor] зат.тех. Кез келген энергия түрін механикалық энергияға түрлендіретін автомәшиненің қозғалтқышы .

Шоферлар машиналарының моторын суытып, біраз дем алады.Әбуталиев, Жаңарған.). Мотор гүрілінен еш нәрсе естілмейді.Қайсенов, Сол бір.). Қайтеді екен соқса жел, Кетті ғой тіпті күн күйіп. Тұр, әне, бір қыпша бел, Шөл моторға су құйып. Айбергенов, Мен саған.). Мотор да жоқ тынымсыз дүрілдеген. Бастық та жоқ Пайғамбар! Пірім! деген. Жоғыңыз жоқ. Сондай-ақ барың да жоқ. Ұнатпаймын солардың бірін де мен!.Мырзалиев, Мәңгі майдан).