lat: MUHIT
[ар. محيط ] з а т. 1. Жер шарының 70% алып жатқан, құрылықты материктерге және аралдарға бөліп тұрған су қабаты.
Бұрынғы қиыншылық жайға қалды.
Балықтай мұхиттарда жүзіп жүріп,
Ғамал ғып пароходпен қайда барды? (М.Дулатов, Шығ.).
Зор мұхиттың дариясының
Ең түбінде бар балық
Денесінде сол балықтың,
Бір нұры бар жап-жарық (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Атлант м ұ х и т ы н а н келген жылылық көптеген жердің ауа райының өзгеруіне әсер етеді (Ж.Жатқанбаев, Су.).
2. Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су және атмосфералық айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық (гидрохимиялық, гидробиологиялық, гидрофизикалық) жағынан ерекшеленетін дүниежүзілік мұхиттың бөлігі.
3. а у ы с. Көз жеткісіз, кең байтақ, шалқып жатқан мол .
Кешегі кішкентай арал бүгінде мақтаның айдынды мұхитына айналды (Ә.Нұршайықов, Жер туралы.).
Өркендеп, өрлей түскен бейбіт ауыл,
Табысын мұхит дерсің шалқып жатқан (Айтыс).