lat: MUHIT
(ар. мухит محيط) – мұхит, терең сулы үлкен аймақ.
Амандасып жұртыменен айырылысып, Дүние айналған мұхитпенен бара жатыр («Қисса Қаһарман». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).
Жолықты бір жазира және тағы, Кең арал, мұхит теңіз екі жағы («Сейфүлмәлік». Ғашықнаме, 1976).
Мұхит деген дарияға түсті кеме, Судан басқа көрінбес ешбір неме («Сейфүлмәлік». Қисса-дастандар, 1986).