МҰХИТ

lat: MUHIT /25/

зат. Жер шарының 70% алып жатқан, құрлықты материктерге, аралдарға бөліп тұрған су алабы.

Япыр-ау, әлі жүр ме, әлі жүр ме?!

Шынымен қонбады ма әлі күнге?!

Әлде оларға аспан, жер, ауа, мұхит ,

Мына жатқан ғаламның бәрібір ме?!

(2,185).


Жүгінейік, тартайық шындықты алға,

Өзгереді мұхиттар , құрлықтар да.

Өз бетімен, табиғи өзгерсе екен,

Ұшырамай алапат сұмдықтарға

(3,100).