МҰНАРА

lat: MUNARA

зат. 1. Ірі қалалардағы цилиндр тәрізді етіп жасалған, биік-биік сәулетті құрылыс.

Буалдыр сағым сәуледен, мінеки, шықты қарсы алдан,

Қатар түзеп, көк тіреп, мұнаралар қарсы алған.

«Неғылған бұл шәрі?» деп, ұстазыма тамсанғам

(5,146).


Ашу буған Эфиальт сілкінгендей, сірә да,

Жер қозғалса қозғалмас ежелгі алып мұнара,

Дүр етті бір сілкініп, дүлей тұрған бұл ара

(5,149).


2. Жер астынан мұнай бұрғылап жатқан жерлердегі биік-биік тұғырлар.

Маңғыстауда мұнара қалқасынан.

Сені көрдім биік тау жайлауынан Жезқазғанның жер асты жартасынан,

Жатыр оқып пляжда шалқасынан

(2,355).