lat: MUNARA
(ар. манара منارة) – алысты көру үшін төңіректі бақылауға арналған өте биік орын.
Сахараға жиылып майдан түзеп, Патша өзіне мұнара құрдырады («Әзірет Әлидің соғысы». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).
Барын жұртты жиып, өзі мұнараға шығып, жұртқа жар салып айтқаны («Мұңлық-Зарлық». Ғашықнаме, 1976).
Бір күндері болғанда, Мұнарадан көрінді, Қалың шаңды көтеріп, Көп жау қаптап келеді («Рүстем-Зораб». Қисса-дастандар, 1986).
Мұнараның басынан шаһ Зарқұм, Баласының келгенін көрді сонда («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).