МҰНДА

lat: MUNDA

ү с т. 1. Осында, бұл жерде; мұнда .

Мен мұндамын, деп қатарда тұрған жігіттердің арасынан Бақтияр шыға келді.Ғабдуллин, Сұрапыл.).

Қалың елді бауырына ап қылыштың,

Ауыр қолы өткен м ұ н д а Шыңғыстың.

Ақсақ Темір айқайын да естіген,

Көпті көрген қариясы Шығыстың (С.Мәуленов, Алыс кет.).

Бір соққан желден қалмайтын,

Болмайды мұнда тал нәзік.

Басқалар іздеп бармайтын,

Жайылма деген сар жазық (C.Жиенбаев, Алтын қалам).

2. Осы араға, бұл жерге .

Жолдас Ольхов, мұнда кабинетке кіріңіз, деді ол.Шәріпов, Қапаста.).

“Қызықпен осы таңды атқарайын,

Опасыз өте шығар дүние шолақ».

Төнеді осыны ойлап ұры қызға,

Сабырлықпен саспады, тұрды қыз да.

«Шырағым, жалғыз жүрген неткен жансың,

Қай жақтан Құдай айдап келдің мұнда ?”.Найманбаев, Шығ.).