МҰҚТАЖ

lat: MUQTAJ

[ар. محتاج ] з а т. 1. Қажет, ділгір, зәру.

Мысалы, қазақ дала, басқа теңіз, Даланы, шамаң келсе, көгертіңіз: Мұң десең, мұқтаж десең қазақта көп, Емес пе мұны ойламақ міндетіңіз? (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Әлемді түгел мен көріп, Ешкім мені білмесе. Мұқтажым, нәпсім жоқ болып, Зияным жанға тимесе. Мисыз мына көп жынды Осы биін билесе (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Мен бір қарт жер астында көп жасаған, Өзі хан, өзі патша, атаабам. Бар болса не керегің мен берейін Айта бер мұқтажыңды, батыр, маған (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

2. а у ы с. Кедей-кепшік, жарлыақыбай, зәру адамдар. Арызын тамам қылатын, Мұңлы, мұқтаж, ғар.птің. Өз тұсыңда, әкекем, Сөз жүйесін таныттың (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Және аят: «Кімде-кім құдай үшін деп мұқтаждарға қарыз берсе, Алла тағала онда екі есе беріп, ол үшін бек зор сауап берер», деген (Ш.Құдайбериев, Мұсылмандық шарты).