lat: MURAǴAT
з а т. 1. Ескірген құжаттарды сақтайтын мекеме; архив .
Биыл туылғанына 110 жыл толған Қ.Қуанышбаевтың Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында қазақ сахнасындағы қырық жылға жуық қызмет еткендігі, ойнаған кейіпкерлерінің текстері бар (“Қаз. әдеб.»).
Мемлекеттік мұрағатта отыз жылдай еңбек еткен Гауһар апайды құрметті демалысқа шығардық («Лен.жас»)
. 2. Жеке адамдарда сақталған қолжазба, жадығат, хат-хабарлар жиынтығы.
М.Әуезовтің жеке мұрағаты сақталған («Қаз. әдеб.»).