МҰРА

lat: MURA

з а т. 1. Әке-шешеден балаға қалған дүние-мүлік, мирас т. б. заттар .

Зейнетақы, жәрдемақы, өтем секілді мұра қалдырушының жеке басына қатысты құқықтар мұраға жатпайдыаз. тілі термин. Экономика.).

Мұра қайтыс болған адамнан мұрагер саналатын адамға ауысатын дүние-мүлік және қайтыс болғанымен тоқтамайтын құқықтар мен міндеттер (ҚҰЭ).

Ал енді мен саған мұра атап отырғанда азын-аулақ байлығымды қалдырайын деп едім, деді.Әубәкіров, Сиқыр).

Бөжейдің өз атасы Кеңгірбайдан ата - қоныс есебінде мұра қып қалған жер осы Тоқпамбет қыстауы.Әуезов, Шығ.).

2. Ежелден келе жатқан мәдениет, салт-сана, дәстүр нұсқалары; сондай-ақ жеке адамдардың кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегелі еңбегі .

Бірақ Ақаң артына м ұ р а қалдырмай кеткен жоқ.Дулатов, Шығ.).

Ойсызға сөзім жақпайды,

Арсыздар оны таптайды.

Мұраны асыл жоғалтпай,

Сан ғасыр тарих сақтайды.Құдайбердиев, Шығ.).

Әр жүздің, әр рудың, әр тайпаның ішінде ескі сөзді, кәрі ауызды қарияларымыз бар. Міне, ескі әдебиет мұрасы дегенде, біз соларды алып отырмыз.Аймауытов, Шығ.).

Кебежем күйіп кетті мұрасымен , ішінде құрт-май деген бар асымен. Келмейді деп бұл өртті әжем айтты, Өзектің келіп қалды жырасымен (Қобылан Бөрібайұлы).

3. а у ы с. Мұрагер, жалғастырушы, таратушы .


Оқтан қаштың ба, Ойдың бөрісі?!

Аяқ астында Аю терісі.

Кіріп барғанда Төрде домбыра.

Өлмес арманда Жырға сол мұра.Мырзалиев, Мәңгі майдан).