lat: MURJA
з а т. 1. Пештің, ошақтың түтін шығаратын мойны; түтіндік.
Ауыл үйлерінің мұржаларынан жарыса көтерілген түтіндер сыриып, сонау көктеңбіл аспанмен сіңісіп жатыр (С.Мұратбеков, Жабайы.).
Қазан аспа орнатып, мұржа жасап,
Сарайдың бір бұрышын алған бөліп (Ш.Әбенов, Кейпін.).
2. Алып зауыт, фабрика, пароход, паровоз, т. б. түтіндігі.
Ескі Қарағандының дәл ортасында бір темір мұржа ұзын мойнын көкке созатын да тұратын (К.Әміров, Өшп. жұлдыз.).
Бір қиырдан пароходтың түтіндеген мұржасы ғана әнтек қарауытады (Р.Әутәліпов, Той.).