МҰРЫНДЫҚ

lat: MURYNDYQ

з а т. э т н. 1. Түйенің я өгіздің екі танауының арасындағы шеміршекті тесіп өткізетін, ұзындығы қарыс я сынық сүйем шамасындай таяқша.


Сары іңген су ішіп жатып там ұрындық батқан мұрнын ауырсынып, ауық-ауық шелектен басын көтеріп, пысқырып қояды .Нұрпейісов, Сергелдең).

Екі жасар құнан-тайлақтарды үйретудің басы олардың кеңсірігін тесіп, мұрындық өткізуден басталатын (X.Арғынбаев, Қаз. этногр.).

2. қ о л ө н е р. Жіпті іліп алып иіру үшін ұршық басына көлденең өткізілген кішкене жіңішке ағаш.

Ұршығымның мұрындығын жоғалтып алып, таппай отырғаным (Ауызекі).

3. Терінің я басқа нәрсенің алды-артынан тесік тесіліп, алдыңғы тесікке тағылған ұзындығы бір құлаштай қайыс бау.

Мұрындық аталатын бір құлаштай қайыс бау тағылған теріні ертеректе әртүрлі қажеттікке жарататын (“Ана тілі”).

Қарға батыңқырап қалған шаңғыны мұрындық жіптен тартып, суырып алды.Бөкеев, Біздің жақта.).

4. Арбаның доңғалағы шығып кетпеу үшін белтемірге бұрап бекітілетін немесе ұшына көлденең өткізіп қоятын кішкене темір таяқша.


Кенжетай доңғалақтың мұрындығын бұрап алып жатқан кезде орыс ұстасының көзі Асқарда болды.Мұқанов, Ботагөз).

Содан соң қыздың қолындағы бұранда мұрындықты алдым да, оны біліктің тұмсығына мықтап бұрай бастадым (Ә.Нұршайықов, Алтын.).

Бірақ жүк артатын екі аяқ арбаның қимасы мен күпшегі, шабағы мен мұрындығы әлі жөнделіп біткен жоқ.Ақышев, Бәрі де есте).

5. а у ы с. Бастамашы, жетекші, ұйытқы .

Халел мұнайлы Маңқыстаудың мұрындығы.Қабдолов, Сыр).

Досмайылдың көпіруіндей-ақ, молдалар мен шәкірттерге ол қанша мұрындық екен, Досмайыл айтса, жөңкіле жөнелетін қанша молда, қанша шәкірт бар екен? (М.Дулатов, Шығ.).

Совхоз сауын агрегаттарын сатып алатын болыпты. Осынау іске мұрындық біз екеуміз едік («Лен. жас»).