lat: MURYNDYQTA
е т. 1. Мұрындық өткізу, мұрындық тағу.
Ғалияның оны арбай, қуатын да, қайратын да, сана-сезімін де мұрындықтаған түйедей жетегіне алғанын абайламай отырмысың (С.Мұқанов, Балуан Шолақ).
Асау Сыр суы бүгін аттай басбілгі болып, адам жетегіндегі мұрындықтаған тайлақтай болды(С.Әлжіков, Дала).
2. а у ы с. Еркіне көндіру, жетелеу, сүйреу .
Биге араласа қоймайтынмын, анда-санда билей қалсам – олда курстас қыздардың мұрындықтағанының арқасы («Лен. жас»).
Несін жасырамыз, мына кәрі-құртаңдарымызды мұрындықтап жүріп жұмысқа апара алмаймыз (М.Қаназов, Жер кіндігі).
Механизаторларды шеберханаға мұрындықтап әкеле алмай жүрміз (У.Қыдырханов, Таң нұры).
3. а у ы с. Тежеу, беталды жібермеу .
Сонда да болса кіші бажасы үлкенін мұрындықтап ұстайды (З.Шашкин, Тоқаш Бокин).
Мынаны менсінбеген, бірақ кеудеден де итермеген, мұны мұрындықтап арқандап қойып, емексітіп алысқа жібермей отыр (Ә.Тарази, Бұлтқа сал.).