lat: MUZ
зат. 1. Аяздың әсерінен қатып қалған су; судың қатты күйі .
Пайда болу түрі бойынша атмосфералық мұз (қар, қырау, қиыршық мұз, бұршақ), су мұзы (қабыршақ мұз, қатқан мұз, су ішіндегі мұз) жер асты мұзы және құздағы мұз болып сараланады (Қаз. тілі термин. Су.). Жер бетіне бітпеген Бұл секілді құз дара. Жазы-қысы бұлтпенен, Жатады тек мұз ғана (C.Жиенбаев, Алтын қалам). Елді судай сапырған, Белшесінен батырған, Шілдеде мұзды қатырған, Толыны төгіп шайқаған Берілді тізгін лаңға (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
2.ауыс. Өкпе-реніш, қайғы-қасірет, ауыртпалықтың көңілдегі ізі .
Қайғының Мария тартты қатты сызын, Болмады ерітер жан іште мұзын. Жылаумен ұйқы көрмей таңды атырып, Шақырды қоңырау қағып жалшы қызын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Планетаның көші-қоны түзеліп, Жүректердің тоңы жібіп, мұзы еріп, Жер бетінде күндердің бір күнінде Дүниеде біткен кезде біз өліп, (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Қолдан жасап көңілді, Кеудемізге мұз артып, Жүрдік солай өмірді Алданышпен ұзартып (C.Жиенбаев, Алтын қалам).