lat: MUZ /54/
зат. 1. Аяздың әсерінен қатып қалған су; судың қатты күйі.
Құз-жартас құлайтындай ұмсынады,
Долы өзен мұз астында тұншығады.
Желігіп таудың желі аймаласа.
Қыз қайың бетін басып қымсынады (1,309).
Өзеннің мұзы шатынап,
Сатырлап сынған суықтан.
Аязды түнде атырап,
Тірлігін бір сәт ұмытқан (3,176).
2. ауыс. Қатып қалған, суық .
Әйтеуір, дәл осылай бейуақта
Құмар көңіл әлдене іздеп еді.
Күзгі түннің салқынын елең етпей,
Отырушы ек ерітіп мұз денені (2,241).
Жәйлап қана аяңдап сол ортаға енгеміз,
Дүниедегі бар салмақ түсіп тұрған жерге біз,
Қалтырадым елсізде ымырт жапқан көрде – мұз (5,153).