МҰЗДАУ

lat: MUZDAÝ

(Алм.: Жам., Нар., Кег.; Жамб.; Қ.орда) тоңу.

Күн бүгін қақап тұр екен, мұздап кеттім (Алм., Кег.).

Мұздап қалатын болған соң, жас Сүйімбай маяның арасына кіріп жатыпты (Алм., Жам.).

Оқушылардың суық мектептеп мұздап, оқуға қатыса алмай қалған күндері көп болды («Қыз. жұл», №3,1939).

Бала денесі мұздап тоңайын деді (Н. Сер., Ыст. күлше) .

(Түрікм.: Красн., Небид.) суу.

Сіздер тез келеді дегенге әзірлеп қойып едік, тамақ мұздап қалыпты (Түрікм., Небид.).