lat: MUZDY
сын. 1. Мұз басқан, мұз қатқан .
– Мен сіздің, асқар Алатаудың мұзды қырқасынан, Жаркент алқабындағы құба құмнан жинап қайтқан өсімдік түрлерімен танысар едім (С.Бегалин, Шоқан асу.). Тырна көз бұлақтарға ғашық етіп, кетеді аралатып мұзды шыңын (Д.Әбілев, Миллиард).
Құп болып барлық айтқаның,
Естің сен қызыл желдей боп.
Алған бір беттен қайтпадың,
Тасыған мұзды селдей боп (С.Мәуленов, Алыс кет.).
2. Сұп-суық, мұздай суық .
Үстіне мұзды су құйды, сосын отқа қыздырып, табанына темір басты (Ә.Меңдібаев, От кешу).