МҰЗДЫҚ

lat: MUZDYQ

зат. Ұзақ уақыт бойы сақталатын ірі мөлшерлі мұз шоғыры.

Мұздықтар қатты атмосфералық жауын-шашынның жыл бойы түскен жалпы мөлшерінің, оның еріген және ауаға буланған үлесінен артық болған жерінде, әдетте тау беткейлерінің қар жиегінен жоғары жатқан бөлігінде пайда болады (ҚҰЭ). Белгілі пішіні бар, өлшемдері айтарлықтай, өзен суы тәрізді ауырлық күшінің әсері мен пластикалық қасиеттердің әсерінен үнемі қозғалыста болатын кристалдық мұздың табиғи шоғыры мұздық деп аталады (К.Сапарбайұлы, Геология.). Егер ол кезде Солтүстік теңіз жағалауына мұздықтар жақын жатса, 1930 жылдан бастап Жаңа жерді солтүстігінен мұзжарғыш кеме арқылы емес, кездейсоқ қайықпен айналып өтуге болған (Т.Омаров, Күн. құбылыс.).