МҰЗЖАРҒЫШ

lat: MUZJARǴYSH

зат. Мұзды жарып жүзетін қуатты моторы бар теңіз кемесі.

Бортында аэропланы бар қатты мұзжарғыш Арктикаға аттанды («Білім және еңбек»). Алғашқы атом мұзжарғыш кемесі де біздің елімізде дүниеге келді («Қазақст. мект.»). Мұзжарғыш қататын су айдынында кемелердің жүзуін қамтамасыз ету үшін мұздарды жара отырып, жүзуге арналған кеме (Қаз. тілі термин. Су.).