МЫНАУ

lat: MYNAÝ

е с і м. 1. Мына, осы .

Жазушыларға ескертетін нәрсе мынау : әлі болса қара халық үшін, бері болса ауыл мектептеріндегі мұғалімдер түсінетін сөздер жазуға. Жазған сөздерің қойыртпақ болмай, таза, тартымды болсын (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.).

Ел жайы өзіне мәлім, мынауы теріс дейтін адам жоқ екенін біледі, сонсоң несіне тайынсын (Б.Майлин, Шығ.).

Көзден бір төкпегендей жылап жасты,

Күліп те көрмегендей сұм албасты.

Мынау кең дүниеге сахараға,

Келгендей осы күйде түрі алғашқы (X.Ерғалиев, Көбік шашқан).

Зарлайды ол, байды қарғайды,

Аспанға қолын жайыпты.

Ендеше мынау өлімге,

Бай зұлым ғана айыпты.Жұмағалиев, Өшп. жалын).

2. Міне, мінеки .

Ал мен кеше күні бойы басымды қатырып отырғаным мынау. Тоқаев, Тасқын).

Осы арада тағы бір айта кететін жәйт мынау.Ақышев, Біздің шамш.).

Мұның бәрінің түп себебі мынау романда ұнамсыз кейіпкер мүлдем жоқ.Оразаев, Басты.).

// Осы кісі, осы адам.

Төбелестен көп жарылған төбесі,

Мынауыңның шомбал екен денесі.

Не де болса күресемін осыңмен,

Сен боласың екеумізге төреші.Мәуленов, Алыс кет.).