МЫНАУ

lat: MYNAÝ /196/

есім. 1 . Мына, осы .


Мына дүние неге жатыр үндемей,

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей!

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып, « Мынау шапан, Мынау атың мін!» демей (3,252).


Мынау өмір әділдіктің тұрағы,

Мынау дүние әділдіктен тұрады.

Ал Адам ше? Адам неге жылады?

Біреулерден біреу неге ығады?

Біреулердің сағы неге сынады?! (1,208).


2 . Міне, мінеки .


Мектебің мынау , класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың (3,272).


Қыс болса мынау , жаңа басталды, қарып өлтіріп барады (4,146).


3 . ауыс. тұрп. Тылақ . Мә! Мә, алдың мынауымды ! деп, саусағының арасынан қосбармағын бірдей шығарып, тұмсығыма тақап жатыр (4,122).