МЫНА

lat: MYNA

е с і м. Жақын аралықты, маңайды нұсқап көрсететін сілтеу есімдігі; осы, мынау .


Ұйқының себебі мыналар деген көп болжаулар бар. Осы көп болжаулардың ішінде мына біреуі шынға жақын келсе керек (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.).

Қараңдар!

Шара бар ма мына сорға?

Аяғын ат келеді басып зорға.

Қысымды есек көрген бұ да көріп,

Болдырып бұлғақтайды оңды-солға (А.Байтұрсынов, Ақ жол).