МЫНА ЙАҚ

lat: MYNA IAQ

(Қост.: Камыш., Ордж.; Түрікм., Небид.; Рес., Орын.) мынажақ.

Мына йақтан жел соқса, оның түтіні осылай қарай қаптайды (Қост., Камыш.).

Мына йағынан неміс солдаты келіп қалды (Орын., Бор.).

Мына йақта Сырым бар, Оның затын айтайын Бадышамен барабар (Фольк.).

Мына йақтан бұты (қ.) жерге сүйретілген, үстіне сауыт кимеген, Жалаңаш батыр келе жатыр («Соң. кол.», 4.08. 1940).