lat: MYQTY /31/
сын. 1 . Берік, бекем .
Аллаң берген денеңде,
Аяулы жалғыз аманат.
Тамырың мықты тереңде,
Тапжылтпас сені ешбір зат (1,40).
Шашырады ұшқын көзімнен,
Бас осал екен, тас мықты .
Ес кіріп сонда сезінгем,
Өткенін қайран жастықтың (2,190).
2. Күшті, қуатты; құдіретті .
Жойқын дейді... Жойқын болса, несі бар?!
Жойқын күштің жомарттығын есіңе ал.
Жойқын дария, әне, тасып барады,
Мықты болсаң, ал, құлағын кесіп ал (1,224).
Дана халықтың өзі сомдап соққан Тарғынның, Төлегендердің монологінен кейін, мықты болсаң, оларды өзіңше сөйлетіп көр (4,77).
3 . ауыс. Қолында билік, байлық бар адам; бастық .
Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз,
Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.
Сен мықты , анау осал, мен орташа,
Бәріміз бір аспанның астындамыз (1,283).
– Дәрменсіз сорлы кедей-кепшікті бұқтыра,
Күшік тазыдай жылмаңдайсыңдар мықтыға ! (2,108).
Біріншіден: Мықтыларға жағыну,
Солар айтқан жерден ылғи табылу.
Құлқың сүймей тұрса дағы табыну,
Біле тұра білмеген боп жаңылу (3,78).