МЫРЫШ

lat: MYRYSH

з а т. 1. х и м. Көгілдір ақ түсті, төзімді металл .

Ал топырақта немесе суда кадмий, никель, молибден,мырыш, марганец, ванадий, бериллий, теллур сияқты металдардың жиналуы барлық тіршілік иелері үшін қатерлі болуы ықтимал (Т.Қалыбеков, Экология.).

Қосылып алтын қорымас

Мырыш пен мыс, жезбенен,

Меруерттей сөзбен шашайын

Бойыма біткен асылым

Ақындық әсер қуатын (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Біздің организмімізде темір, мыс, марганец, мырыш, фтор, иод, бром, молибден, кобальт, күміс, алюминий сияқты бірқатар химиялық элементтер бар (С.Сұбханбердин, Дәрі дауа.).

2. Қымбат емес, арзан дүние .

Біреу алтын алып жүр, біреу құрыш,

Біреу асыл алады, біреу мырыш.

Жақсы қымбат, жаманның бағасы арзан,

Әркімнің өз сүйгені болар дұрыс.Құдайбердиев, Шығ.).