МЫРЗА

lat: MYRZA

[ар. ميرزا ] з а т. 1. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ауқатты, беделді әлеуметтік топ өкілі және соларды мадақтау мәніндегі атау .

Киіз үйдің әрқашан кісі бойын құп-қунақ қып сергітіп тұратын дағдылы салқын ауасын жас мырза оянған бойда сезді (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).

Ол кездегі ағатты кешсең, мырза,

Қонақ түгіл болады Құдай ырза.Құдайбердиев, Шығ.).

Шыққалы волост сайлау қырық жыл өтті,

Сол сайлау, байқасаңыз,түпке жетті.

Бай болып, мырза атанып, мал біткендер

Таласып болыстыққа ақша төкті.Дулатов, Шығ.).

Iшкізді етікпен су мырзасына,

Мырзасы ырза болды сырласына (Шәкәрім, Өлеңд.).

// Қашан да дастарқаны мол, жомарт.

Жылқышылардың қосы мырза қосы аталып, мал иелері одан барып ет жеп жүреді. Мұқанов, Қазақ қауымы).

2. э т н. Бай, дәулетті, беделді адамның ұрпағына құрметтеу нышанында қолданылатын атау .

Аяғы матаулы, әкесімен терезесі тең бір төменгі адайдың мырзасына бесіктегі күнінен атастырулы.Аманшин, Көкжар).

Мырзалар қосқа қарай аяңдапты,

Жандарын ғашығы үшін аянбаптыазар жырау, Шығ.).

Біреудің «жалғызы» әрі мырзасы болғандықтан, мен әрине өте сәнмен киінем.Мұқанов, Мөлдір махабб.).

3. а у ы с. Қолы ашық, жомарт адам .

Қаныш па? Ой, қарағым-ай, әкесі марқұм қандай мырза еді? Аумаған, аңқылдаған әкесі. Шешесі қандай момын адам. Өсекпен, аяңмен биттей жұмысы бола ма? (Ж.Аймауытов, Шығ.). Есенейдің ен дәулетін аясын ба, жүн-жұрқа, қыл-қыбыр, ас-су дегенді мол үлестіріп, Ұлпан Есенейге қосылуы жылға жетпей ел аузында мырза келіншек аталған (Ғ.Мүсiрепов, Ұлпан).