lat: MYRZA
зат. 1 . Бай, дәулетті, беделді адамды құрметтеу мәнінде қолданылатын сөз .
Ант етейін түбірімнің түбіндегі қанымен,
Өстім, өштім өзімнің иманымның арымен,
Еттім қызмет мырзама , құрметтедім тағы мен! (5,62).
Ақылыңа болайын, о не дегенің, мырза ?
Үйренген кәсібін адам көзі жұмылғанша тастаушы ма еді? (4,185).
2 . ауыс. Жомарт, дарқан .
Оу, менің жомарт далам, Мырза далам!
Аймағын алтынменен сырғалаған,
Достықтың дастарқаны жайылғанда,
Досым түгіл, қасым да ырза маған (3,215).