lat: MYRZA
(пар. мирза ميرزا)
1. Ақсүйек, төре, бай адамдардың титулы.
Жылқыдан Әбіш мырза өзі ұстатып, Араға арда емгенді келеді алып («Қубас ат». Бабалар сөзі. 58-том. 2010. 100 томдық).
Төлеген мырза , шырағым, Ғапу қыл деп сұрадым («Қыз Жібек» (Қаршыға нұсқасы). Бабалар сөзі. 53-том. 2009. 100 томдық).
2. Сауатты, қадірлі, абыройлы, беделді.
Берелік қызымды осы елге, Ноғайдың толып жатқан мырзасы бар («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (Қоңқабаев Мейірман нұсқасы). Бабалар сөзі. 55-том. 2009. 100 томдық).
3. Ауысп. Қолы ашық, жомарт. Мырзалық – жомарттық, кеңпейілділік.
Бәрі де білдіреді ырзалығын, Көргесін құдасының мырзалығын («Қыз Жібек» (Шеге ақын нұсқасы). Бабалар сөзі. 53-том. 2009. 100 томдық).
Ата менен анасы, Мырзалығын асырды («Құбығұл». Бабалар сөзі. 52-том. 2008. 100 томдық).