МЫШЫҚ

lat: MYSHYQ

(Түрікм., Красн.; Қарақ.; Орал: Казт., Орда; Қ.орда: Арал, Сыр., Тер., Жал.; Өзб.: Там., Ташк.; Гур., Маңғ.; Қост.: Фед., Семиоз.; Алм., Шел.; Шымк., Шәу.; Ақт., Ырғ.) мысық.

Балаға мышық ұстатпа (Орал, Орда).

Адалға тауық, арамға мышығы жоқ (Макал; Түрікм.).

Мышық ұқсап от басында көзіңді жымып отырасың ба? (Қарақ.).

Мейман алдында мышығыңызды піш деме (Мақал; Ташк.).

Қ. пышық .