МЫСҚЫЛ

lat: MYSQYL

з а т. м е д. Мерезамаққа жара түсіп, іріңдеп жүретін ауру) .

Осы күндерде қыс өте бастағанда, жазға салым қазақ ішінде мысқыл аурулар бек көп болады. Жаз түскен соң бұл аурулар көбіне жазылып кетеді (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.).

Жидек шырынын жас балаларға мысқылмен ауырғанда, қан аздыққа, көкжөтелмен, тұмау, подагра және талақ, тері ауырғанда береді («Қазақст. әйелдері»).