МЫСҚЫЛДА

lat: MYSQYLDA

е т. Мысқыл айту, шенеу.

Бейнебір нашар оқушының шатты-бұтты айтқан сабағын нәумез көңілмен мысқалдай тыңдаған мұғалімдей-ақ, «айтып болдың ба» дегендей, бетіне ұзақ қарайтын да, миығынан күлетін (О.Бөкеев, Ауыл хикая.).

Титан Исмайылдың бетіне мысқылдай қарап, оның өтірігін шығаруға әзір отыр (О.Сәрсенбаев, Жазылым. кiтап).

Сабақ үстінде Құраш Иманбаевичтің жүріс-тұрысын аңдып, кей мінезін оғаш көріп, ішімнен мысқылдап отыратын болдым (А.Жақсыбаев, Бозарал).

Осыны білетұғын бар ма күнің,

Өмірі сөйттің- ау деп шықпайды үнің.

Кәнекей енді өзің жауап берші,

Мысқылдап, миығынан етті күлім (С.Сейтенов, Сапар.).