lat: MYSYQ
з а т. з о о л. Жолбарыс тегіне жататын, сүтқоректі үй жануары .
Не керек, ала алмады, азаптанды,
Ашудан өле жаздап аз-ақ қалды,
Қайтсе де ала алмасын білгеннен соң,
Мысығың өзіне-өзі тоқтау салды (М.Жұмабаев, Шығ.).
Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үй маңайында тіршілік етеді. Соның үшін олар үй хайуандары деп аталады (М.Дулатов, Шығ.).
Қуанды Архип қолын шапалақтап,
Тауықтарым пісті деп отқа қақтап.
Бір мысық жанған үйдің төбесінде,
Түсе алмай мияулап жүр көзі алақтап (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).