lat: MYSYQSHA
ү с т. Мысыққа ұқсап, мысық тәрізді.
Жақыбай тышқанға бас салған мысықша атылып келіп, Нұртайдың қолын шап беріп ұстай алды (С.Омаров, Қайырлы.).
Аяғының ұшынан мысықша жұмсақ басып, сыбырын білдірмей далаға шықты (О.Бөкеев, Ән салады.).
Кекіре-кекіре сіміріп, «жақсылар» босатқан қызыл керден кеселерді қаршығадай сыпырып, аяғын мысықша басып, жылпос жігіт аяқшы болып жүр (Ж.Аймауытов, Шығ.).