МЫСЫҚТАБАНДАП

lat: MYSYQTABANDAP

ү с т. Ақырын, бұғына басып, аңдап .

Күндіз жортып, түнде торып, енді бірде мысықтабандап аңдып жүріп, ақыры ұстадым-ау біреуін («Қаз. әдеб.»).

Бірақ ол жылдағыша мысықтабандап бұқпаламай морт мінез адамның ашуындай күрт келді.Сараев, Тосқауыл.).

Бір жағынан қанды қырғын ала келген жоңғар экспансиясы, екінші жағынан мысықтабандап жылжи бастаған Ресей империясы қазақ қауымын тұтастандыруды, халықты, оның жерін сақтап қалу міндетін шеше алатын, бір орталыққа бағындырылған билік жүйесін қалыптастыруды талап етті («Астана ақшамы»).