МЫСЫҚТАЙ

lat: MYSYQTAI

с ы н. Мысық сияқты, мысық тәрізді .

Жұртпен бірге Жүсіп те

Демін алмай мысықтай

Болып, басы айналып,

Көзін жұмып, енді ашса,

Бұл не деген тамаша!.Жұмабаев, Шығ.).

Жоламанның өңі сұп-сұр болып, тұла бойы айбат шеккен мысықтай үрпиіп шыға келді.Сараев, Бозқырау).

Кімсің? деп түрегелді, көтеріп бас,

Жам үшін екі көзден ағызып жас.

Мысықтай маймалаңдап жетіп келіп:

Мұхарап болам, деді, мен хасылқас.Iзтілеуов, Рүстем.).