тірі организм липидтерінің құрамына енетін қосылыстар. Олар жоғарғы май қышқылдары (құрамындағы көмір тегі атомының саны 12 ден көп) жəне төменгі (олар 12 ден аз) май қышқылдары болып бөлінеді. Қанықпаған май қышқылдары (линол, линолен, арахидон) алмастырылмайтын (эссенциальдық) қышқылдар болып табылады. Олар дайын күйінде сыртқы ортадан қабылдану керек, организмде түзілмейді.