МАЯТНИК

lat: Maıatnık

зат. физ. Қозғалмайтын нүктенің не осьтің маңында сыртқы күштің әсерінен тербеліс жасайтын қатты дене.

Жер қозғалған кезде маятник инерциясымен тыныш тұра береді, ал бақылаушыға жер қозғалмай тұрып, маятник тербелген сияқты (X.Әбішұлы, Халық астрон.). Біз қозғалыстағы маятниктің мәңгі қозғала бермей, белгілі бір уақыт өткен соң, тоқтайтынын білеміз (О.Сәрсенбаев, Радио.).