Майысқыш, майысқақ, иілмелі, иілгіш

lat: Maıysqysh, maıysqaq, ıilmeli, ıilgish.

Солқылдап майыса беретін.

Қазық жасаған ағаштың бұтағы солқылдақ, игенде бірден сынып кетпейтін майысқыш болуы керек (Дефо).

Су өсімдіктерінің сабағы майысқақ келеді де, су толқынымен ғана қозғалады (Т. Таубаев).

Қайыңның қатты және иілмелі тұқымдарынан жиһаз, ыдыс, қораптар, тағы басқа ұсақ-түйек бұйымдар жасалады (М. Ахметов).

Шетен ағашы қатты, бірақ булаған кезде иілгіш келеді («Туған жер қазынасы»).