МАТЧ

lat: Mach

[англ. match] зат. спорт. Екі команда болып кездесетін спорт ойыны.

Алғашқы матчында еліміздің күміс жүлдегерін қабылдап, жап-жақсы өнер көрсеткен «Қайрат» болды («Спорт»). «Б» класындағы Қазақстан аймағының коллективтері кезекті турдың матчтарын өткізуде («Спорт»). Ағылшын футбол клубтарының бірі «Белбеудің» басшылығымен ерекше матчтар өткізген (Естімеген елде көп).