МАГИЯ

lat: Magıa

ат. magia] з а т. Сиқыр (белгілі бір әрекетке және сөздерге кереметтей қасиет беріп дәріптеуші ерекше күш; алғашқы қауымдық дін формаларының бірі).

Ең ертедегі адамдардың діни нанымдарының бірі –магия (X.Ақназаров, Ғылыми атеизм.).

Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге деген сенімнің күшейе түсуімен тікелей байланысты болды (Мәдени-филос. энцик. сөздік).

Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды (ҚҰЭ).