lat: Mahabbat /258/
ар. зат. 1. Ер жігітпен қыз арасындағы құштарлық сезім, бір-біріне деген сүйіспеншілік, ынтазарлық .
Мен нағыз махаббатты армандаймын,
(Оны мен жоғалтып та алғандаймын).
Ақ қаздар арасынан аққуымды
Ажырата білмеген сормаңдаймын (2,7).
Махаббат па? Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге,
Ал қазір тоңған жүрек, солған кеуде (3,112).
2. Адамның еліне, жеріне деген мейірімге толы игі сезім, ізгілік.
Жұртыңның ақыны боп жаралғасын,
Барыңды жұртыңа бер, қаламдасым!
Алдында аждаһаның тұрсаң дағы,
Махаббат жұртқа деген жоғалмасын! (3,125).
Қазақстан! Пай, пай, пай! Ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым , арманым-ай! (3,235).