Материяның құрылымдық ұйымдасуының деңгейі арқылы ажыратылатын объективті осалдылықтың ерекше екі саласы. Макроқұбылыстар саласы- адам өмір сүріп,әрекет жасайтын дағдылы орта (планеталар, жердегі денелер, кристалдар, үлкен молекулалар т.б). микродүние сапалық жағынан мүлде басқа саланы айшықтайды (атомдар, ядролар, элементар бөлшектер және т.б). ондағы объектілердің өлшемдері сантиметрдің миллиардтан бір бөлігінен кем, яғни тікелей бақылауға келмейді. Осы әлемдердің әрқайсысының өзіндік материялық құрылымы, кеңістіктік-уақыттық және себептілік қатынастары, қозғалыс заңдылықтары бар. Мәселен, макродүниеде материалды объектілердің айқын бейнеленген үзілісті,корпусколды немесе үздіксіз, толқындық табиғаты болады және олардың қозғалысы классикалық механика зағңдарына бағынады. Ал, микродүние құбылыстары үшін, керісінше бір-бірімен тығыз байланысқан корпускулдық және толқындық қасиеттер топ және олар кванттық механиканың статистикалық заңдылықтары арқылы өрнектеледі. Макро және микродүниелердің осылайша ерекшеленіп бөліну шекарасының белгіленуіне Планкт тұрақтылығы деп аталатын әсер квантының ашылуы ықпал етті. Микродүниедегі объектілер арасындағы кез келген өзара әсердің (оның ішінде аспаптар мен микробөлшектер арасында да) ісер квантының мәнінен кем болмайтындығын білдіретін «өзара әсер шектілігі» осы жаңа констаптаның аса маңыздыаспектісі болып табылады. Макро және микродүниенің ерекшеліктері танымнан айқын көрінеді, олар физикалық ескі теориялардың қолданылу шегінің тарылуына және жаңа теориялардың (салыстырмалық теориясы, кванттық механика, элементар бөлшектер физикасы) жасалуына жол салды. Макро және микродүниенің айырмашылықтарын, оларды зерттеп,тану ерекшеліктерін абсолюттік деңгейге дейін көтеріп, «физикалық идеализмді» жақтаушылар микродүниенің объективтілігін жіәне оны тануға болатындығын жоққа шығарғысы келді. Шындығында микро және макродүниелердің арасында тығыз байланыс бар екендігін ғылым көрсетіп берді және сонымен бірге қуаты аса жоғары микробөлшектер өзара соқтығысқанда макроскопиялық объектілердің пайда болу мүмкіндігін ашты. Физиканың атом әлеміне, бұдан соң оның ядросы мен элементар бөлшектеріне дендеп енуі олардың бір күйден екіншісіне ауысатындығы мен ішкі құрылыстарының күрделілігін ашу диалект, принциптерін одан әрі нығайта түсті және байытты, материяның іштей шексіздігі жөніндегі тұжырымдарының нақты екендігін көрсетті.