Мал болмайды

lat: Mal bolmaıdy

а) Жазылмайды, оңалмайды. Мұнымен м а л  б о л м а й с ы ң, шиқаныңның аузына темекі тарт, деді біреу (Қ.Тайшықов, Окт. ұшқыны). Шөп өсер, өспес бірақ нөсерден бой, Түбінде м а л  б о л м а й д ы жөтелген қой. Өлеңді ақындықпен біз айтамыз, Көңілін көпшіліктің көтерген ғойара өлең). ә) Адам болмайды, күнін көре алмайды. Шомбал жігіт кіріп келді ентелеп: Әке, деді ол кірген бойда, Әке, деді еркелеп Жүруші едің маған ылғи өкпелі, Кеюші едің м а л  б о л м а й с ы ң деп мені (М.Шаханов, Ғасырлар.).